BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сарапшы электр энергетикасына инвестиция тарту жолын ұсынды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов электр энергетикасы саласына бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру арқылы инвестиция тартуды ұсынды.

Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның электр энергетикалық саласының ұзақ мерзімді даму стратегиясы» тақырыбында өтіп жатқан энергетикалық форумда мәлімдеді.

«Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін электр энергиясының қуатын жыл сайын 4-5 процентке көбейту қажет. Ұлттық экономика министрі Қазақстан экономикасының жақын уақыттағы шынайы өсімі 6-7,1%-ды құрайды деп болжап отыр. Осы динамикаға жету арқылы 2030 жылы электр энергиясын тұтыну 144,7 млрд кВт/сағ, яғни өсімнің 58 процентін құрайды. Бұл жағдай реформалар жасауды талап етеді», - деді Оразалинов энергтикалық форумда.

Ол осы саланы 2030 жылға дейін дамытуға арналған жаңа әрі ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеп, қабылдау қажет екенін атап өтті.

«Жаңа құжат өңірлер мен экономиканы дамытумен сабақтасуы тиіс. Бағдаралмада 2019-2020 жылдары қалалардағы орталықтан жылыту, соның ішінде ЖЭЦ, қазандық және жылыту жүйелеріне техникалық-экономикалық зерттеуді, қазір қолда бар барлық станцияларға аудит жүргізуге қаржыландыруды қарастыру қажет», - деді қауымдастық төрағасы.

Оразалинов кәсіпорындардың тозығы жеткен құрал-жабдықтарды өз күшімен жаңарта алмайтынын айтты.

«Мұны тарифтер есебінен жасау қисынға келмейді. Сол себепті бұл саланы қаржыландырудың басқа жолдарын қарастыру қажет. Мысалы, өтімді бағалы қағаздарды шығару мен оларды ел ішіндегі қор нарығына орналастыру есебімен инвестиция тартуға болады. Сондай-ақ, энергия жұмсайтын тұтынушылар қаржысын тарту қажет», - деп айтты спикер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер