BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Самұрық-қазына» қоры Ұлттық банк алдындағы қарызын мерзімінен бұрын өтеді

Фото: forum-astana.org

Астана, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ ҚР Ұлттық банкі алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуге 161,7 млрд теңге бағыттады. Бұл қаржы көлемі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 15% акциясын сату есебінен еншіленді. Бұл туралы Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлайды.

2018 жылдың 13 қазанында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 15% акциясын «Астана» халықаралық биржасында және Лондон қор биржасында сәтті орналастырды. Осылайша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ халықаралық нарыққа шыққан тұңғыш ұлттық компанияға айналды.

2018 жылдың 13 желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесі Елбасының квазимемлекеттік сектордағы активтерді жекешелендіруден түскен қаржыны ҚР Ұлттық қорына бағыттау тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Ұлттық қоры алдындағы міндеттемелерді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның акцияларын орналастырудан түскен қаржы есебінен мерзімінен бұрын өтеуді мақұлдады.

Бастапқыда займ екі бөлікпен 2013 және 2015 жылдары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін алынды. Міндеттемелердің өтелуі тиісінше 2028 және 2035 жылдарға жоспарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер