Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның SCAT әуе компаниясы «Астана-Душанбе» бағатында жаңа халықаралық рейс ашты. Бұл Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсі.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның SCAT әуе компаниясы «Астана-Душанбе» бағатында жаңа халықаралық рейс ашты. Бұл Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсі.
«Біздің әуе компания биылғы жылдың өзінде 8-ден астам жаңа бағыт ашты. Олардың үшеуі – халықаралық рейс. «Астана-Душанбе» бағытындағы алғашқы рейс ертең, сағат 00.15-те Bombardier CRJ 200 әуе кемесімен жасалады. Рейс аптасына екі рет, әр жұма және жексенбі күндері жасалмақ», - деді баспасөз мәжілісінде SCAT әуе компаниясының коммерция жөніндегі вице-президенті Николай Буряков.
Оның айтуынша, тариф бір бағытқа 44 мың теңгеден басталса, екі жаққа 86 мың теңгеден басталады.
«Менің ойымша, бұл ыңғайлы болады. Және бұл іскерлік белсенділікті арттырып, бизнесті дамытады. Қазақстан азаматтарына Тәжікстан астанасына баруға және Тәжікстан азаматтарына Қазақстан астанасын көруге мүмкіндік береді», - деді Николай Буряков.
Мамандардың пікірінше, бұл халықаралық рейс екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, туризм саласын дамытуға мүмкіндік береді.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев «Астана-Душанбе» рейсі ұзақ күттірген бағыттардың бірі екенін айтты.
«Біз елорданың ТМД мемлекеттері астаналарымен байланыс орнату кезеңін осы рейспен аяқтап отырмыз. Бізде барлық көрші елдермен, ТМД бойынша серіктестермен тікелей рейстер болды. «Астана-Душанбе» - бұл біз бұрыннан қол жеткізуге тырысқан, ұзақ күттірген бағытымыз. Біз осы рейс бойынша ұзақ уақыт жұмыс істедік, авиация саласындағы әріптестерімізбен келіссөздер жүргіздік. Компаниялар да өз деңгейінде жұмыс жасады. Енді осы рейстердің сыйымдылығы мен санын арттыру бойынша іске кірісіп кеттік», - деді Ластаев.
Маманның мәліметінше, Азаматтық авиация комитеті желтоқсан айында Тәжікстан авиация әкімшілігімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
«Біз келіссөздер барысында ашылған рейстің санын арттыруға мүдделіміз. Өйткені, бұның тікелей ұшу және транзиттік ұшу әлеуеті зор. Меніңше, бұл бағыт кеңейіп, дами түседі. Қазақстандық және тәжікстандық тасымалдаушылар рейстерін көбейтіп, жолаушыларға елдер арасында ұшуға қолайлы жағдайлар жасайды деп ойлаймын», - деді Талғат Ластаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!