BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Qazaq radiosy» дикторлыққа кастинг жариялайды

Астана, BAQ.KZ. «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі Қазақ радиосының «Алтын дауысы» – Әнуарбек Байжанбаев, «Сандуғашы» – Сауық Жақанова сынды тұлғалардың ізін жалғайтын жастарға дикторлыққа кастинг жариялайды.

Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі 4-ғимаратта орналасқан Қазмедиа орталығында өтеді. Оған қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі тиіс. Ал, еліміздің басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдірген азаматтар кез-келген ақынның бір өлеңін (3мин) және ақпараттық мәтінді (1мин) оқып mp3 форматта, өңдеусіз kazdictor@gmail.com поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер белгіленген уақыттан аспауы тиіс. Кастингке түскен материалдарды іріктеу уақыты қарашаның 1 мен 20 аралығында өтіп, 23 қарашада қорытындыланады.

Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер