BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жігіт ұсынысынан бас тартқан сүйіктісін пышақтады

Фото: www.i-sonnik.ru

Өзбекстан тұрғыны сүйген қызына ұсыныс жасағаннан кейін пышақпен ұрған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі UzNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«19 ақпан күні кешкі сағат 18.30-да Бұқара облысының 20 жастағы тұрғыны сүйіктісіне ұсыныс жасағаннан кейін пышақпен ұрған», - деп жазылған басылымда.

Тергеу амалдарынан кейін жастардың Галаасия қаласындағы саябақта кездескендері анықталған. 1998 жылғы жас жігіт өзінен бір жас кіші қызына оны жақсы көретінін айтып, ұсыныс жасаған. Оның ұсынысынан бас тартқан бойжеткенді жігіті пышақпен ұрған.

«Бастаған ісін аяқтай алмай қалған ол өзінің тамағын пышақпен жарақаттаған. Екеуі де ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған басылым бетінде.

Орын алған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер