BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өткен тәулікте қаладан 740 текше метр қар шығарылды

Астана, BAQ.KZ. Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 318 бірлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 25 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 66 жұмыскер шықты. «Қала сырытна шығарылған қардың жалпы көлемі 740 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 200, өзге мекемелер 520, «Астана көгалдандыру құрылысы» 20 текше метрін шығарды», делінген компанияның хабарламасында.

16 қазан мен 25 желтоқсан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 941397 текше метрді құрайды. Бір тәулікте 1 құм-тұз аралас қоспаның 30, 13 қазан мен 25 желтоқсан аралығында 11 672,5 текше метрі себілді.

21 қарашадан 25 желтоқсанға дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 58,97 тоннасы шашылды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер