BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

 «Отбасылық сот» пилоттық жобасы арқылы 670 отбасы ажырасудан аман қалды

Алматы, BAQ.KZ. «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында судьялар неке-отбасы қатынастарынан туындайтын істерді қараған кезде, істі тек мәні бойынша қараумен шектіліп қана қоймай, тараптарды бір-бірімен татуластырып, отбасыны сақтап қалуға тырысады.

Осылайша, 6 952 неке бұзу ісінің ішінде 670 іс бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібінде реттеу бойынша келісім жасалды. Олардың 269-ы – міндетті медиация бойынша, 544-і – сот медиациясы бойынша реттелді.

Мүлікті бөлуге қатысты даулар бойынша келіп түскен 228 істің ішінде 73 бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу бойынша келісім жасалды.

Бұдан басқа апелляциялық сатыдағы судьялар медиация тәртібінде мүлікті бөлуге қатысты 22 дауды, балалардың тұрғылықты орнын белгілеу туралы 8 дауды, баламен араласып тұру тәртібін белгілеу туралы 5 дауды медиация тәртібінде реттеді.

«Отбасылық соттардың» арқасында облыстағы 670 отбасы сақталып қалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер