BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Отандық көліктер IT қосымшалармен жабдықталады

Астана, BAQ.KZ. Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш болып ақпараттық технологияны автоөндірісте қолданбақ, деп мәлімдейді "Хабар 24" арнасы.

Мамандардың айтуынша, көліктердің қозғалтқышын іске қосу мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінде оларды смартфон қосымшалары арқылы басқару тетіктері қарастырылған. Яғни, қалта телефоны арқылы темір тұлпардың техникалық жағдайы туралы үйде отырып-ақ хабардар етіледі. Қазір өскемендік автоқұрастыру зауыты бұл жаңашылдықты белсенді игеріп жатыр. Зауыт өкілдерінің сөзінше, IT бағдарламалардың орналасуы автокөлік бағасының қымбаттауына әсер етпейді.

"Бұл біртекті телематикалық күзет жүйесі деуге болады. Көлік иелеріне мобильді қосымша арқылы автокөлікті басқаруға, бақылауға мүмкіндік береді. Ақпарттық технология игілігі автомобильдердің "ақылды қала" инфрақұрылымына еркін сіңісуіне жол ашады", - деді автозауыт директоры Ерік Сағымбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер