BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Оған қуану керек». 7 үміткер судья атанды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл судья атануға өтінім берген 178 үміткердің жетеуі ғана емтиханнан сүрінбей өтті. Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің жанындағы біліктілік комиссиясының төрағасы Әділжан Құрықбаев мәлім етті.

«Осы жылдың қыркүйегінде емтиханның жаңа әдісі іске қосылды. Оған дейін дайындық жұмыстары жүргізілді. Желтоқсанда біз 3 емтиханды өткіздік. Жалпы 178 үміткер психологиялық және компьютерлік емтихандарды сәтті тапсырды. Үміткерлердің жетеуі ғана барлық сынақтардан сүрінбей өтті», - деді Құрықбаев Жоғары сот кеңесінің отырысында.

Осы орайда ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов оған қуану қажеттігін айтты.

«178 азаматтың жетеуі емтиханнан өтіпті. Оған қуанайық. Демек, жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Одан қорқудың қажеті жоқ», - деді төраға.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер