BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүгедектердің жағдайын ескермеген 87 ұйымға 19,5 млн теңге айыппұл салынды

Астана, BAQ.KZ. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының сақталуы бойынша 427 бақылау жүргізілді.

Оның ішінде мүгедектерге мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік қызметін көрсету және т. б. салаларында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділігін қамтамасыз етпеген нысандар бойынша тексерулер жасалды.

Қазақстанда 670 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген.

ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес, әлеуметтік нысандарда және көліктік инфрақұрылымдарда мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына жағдай жасалмаған болса, лауазымды тұлғаларға 50 АЕК, шағын бизнес субьектілеріне 120 АЕК, орта – 200 АЕК, ірі бизнес субтектілеріне - 400 АЕК айыппұл салынады.

Жыл бойы осы бұзушылықтар қайталатын болса лауазымды тұлғаларға 80 АЕК көлемінде, шағын бизнес субьектілеріне – 150 АЕК, орта бизнеске – 250 АЕК, ірі кәсіпкерлікке – 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Нәтижесінде, 318 бақылау субъектісі бойынша ұйғарымдар және анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешімдер, оның ішінде 87 әкімшілік (ӘҚБТ Кодекстің 83, 84-баптары) жалпы сомасы 19,5 млн. теңгеге айыппұлдар салынды.

ҚР Кәсіпкерлік туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекелдікті бағалау критерийлері өзгертілді. Олар «таңдаулы тексерулер және өзге де бақылаудың формалары институты» орнына енгізіліп отыр.

Қазіргі уақытта 2019 жылдың бірінші жартысында мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамту бойынша 400 субьектіні профилактикалық бақылау тізімі бекітіліп қойды.

Бүгінгі күні облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана мен Алматы әкімдіктері әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған ауқымды іс-шараларды іске асыруда.

Жергілікті атқарушы органдар паспорттауға жататын 32,6 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін белгіледі, олардың ішінен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтауға арналған 32 мың объектіні паспорттау (98,0%), 21,1 мың (64,7%) объектіні бейімдеу жоспарланды.

Паспорттау 31,5 мың объектіде (жоспарланғанның ішінен 98,6%) жүргізілген, ал 19,5 мың объектілері (95%) бейімделіп отыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қолжетімді орта» интернет-порталын жүзеге асырады. Ал, жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде еліміздің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты жаңартып отырады. Портал жүргізілген іс-шаралардың азаматтық қоғам үшін онлайн-режимінде әрбір объектінің бейімдеу сапасына баға беруге ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.

«Қолжетімді орта» порталында денсаулық сақтау объектілері, білім беру, мәдениет, мемлекеттік органдардың, сауда, қызмет көрсету және т. б. 30 мыңнан астам нысан туралы мәліметтер бар.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ғимараттардың нысандарын жобалау, құру, эксплуатациялау және жөндеу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолжетімді ортамен міндетті түрде қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер