BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұғалімдерге арналған ұялы байланыс тарифі пайда болады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда ұялы байланыс операторлары ұсынатын тарифтер құны төмендейді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов ҰЭМ қабырғасында өткен «Тариф саясатының ашықтығы және тарифтерді төмендету бойынша қабылданатын шаралар» атты дөңгелек үстелде мәлімдеді.

«2018 жылдың 23 қарашасында министрлікте барлық операторларды шақырып, үлкен кеңес өткіздік. Байланыс операторлары абоненттер үшін әлеуметтік тариф жасауға мүмкіндік бар деп бастама көтерді. «Қазақтелеком» 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3499 теңгені құрайтын әлеуметтік тарифті енгізуді жоспарлап отыр. Бұл осыған дейінгі тарифтен 5% арзан болады. Аталған топтамаға интернет және Қазақстан бойынша лимитсіз қоңырау шалу кіреді. Ал «Қазтранском» алғаш рет байланысқа қосылатын абоненттерге 50%, ал абоненттік төлемге 10% жеңілдік жасамақ. Сонымен қатар интернетке арналған төлем құнын да 15% арзандатуды жоспарлап отыр», - деді Тұяқов.

Оның айтуынша, «Транстелеком» компаниясы Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 5% жеңілдік жасауды ұсынған. Компанияның мәліметінше, аталған оператордың тарифі өте төмен: ауыл тұрғындарына – 529 тг, ал қалалықтарға – 797 теңге.

«Кар-Тел» компаниясы «Әлеуметтік» деп аталатын жаңа тариф жоспарын ұсынды. «Әлеуметтік» бұл – «Әлеуметтік плюс» және мұғалімдерге арналған тариф жоспары. Осы тарифтік жоспар бойынша байланыс қызметінің құны 50% арзандайды. Осыған дейін 1300 теңгені құраса, қазір 590 теңге болады. Kcell «Комфорт XS плюс» тарифтік жоспарын ұсынды. Ай сайынғы абоненттік төлем есебінен тариф құнын 50% төмендейтін болады. Осыған дейін 2590 теңге болса, енді 1390 теңгені құрайды», - деді вице-министр.

Ол «Мобайл Телеком-Сервис», «Алтел» және «Tele2» байланыс операторларынан қызмет құнын төмендету туралы әзірге ұсыныс келіп түспегенін айта кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер