BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мереке күндері әуежайларда тексеріс күшейтіледі

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан әуежайларында және әуе компанияларында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жаңа жыл мерекесіне орай, 2018 жылдың 29 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында әуежайларда, әуе компаниялары мен «Қазаэронавигация» РМК нысандарында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Атап айтқанда, әуежайларда мереке күндері жедел әрекет ету және төтенше жағдайлар (әлеуметтік, табиғи және техногенді, сондай-ақ құжат толтыруға заңсыз араласу), авиациялық оқиғалар туралы ақпарат беру үшін жедел кезекшілер тағайындалды», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек, жолаушыларды, олардың қол жүгін, багажын, жүгі мен поштасын тексеру үшін күшейтілген бақылау жүргізіледі. Пошта мен жүк жолдамалары, борттық тамақтандыруды тексеру шаралары қатаңдайды. Видеобақылау жүйесі күшейтіліп, әуежайдың жолаушылар терминалын патрульдеу жиілей түседі. Барлық рейстер бойынша таңдамалы түрде жолаушылардың қол жүгін, багажын тексеру жұмысы 20 пайызға артады.

«Сонымен бірге, басқа да қауіпсіздік шаралары қолға алынады. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар азаматтық авиация нысандарының қауіпсіздігіне заңсыз араласу әрекеттерінің алдын алады. Осы жайды ескере отырып, әуе жолаушылары қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне түсіністікпен қарағаны абзал», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер