BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекеттік сатып алу туралы заң 2019 жылы күшіне енеді

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары туралы заң қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі хабарлады.

2018 жылдың 27 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.

Аталған заңдағы түзетулер мемлекеттік сатып алуды жетілдіруге және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық тұрғыдан реттеуге бағытталған.

Қаржы министрлігінен хабарланғандай, заң үш негізгі проблеманы шешуге мүмкіндік береді, ол сатып алу процедураларының аса тым реттелгені, сатып алуға қатысушылардың квалификациясының төмендігі және үнемі бір жерден сатып алу үлесінің көптігі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер