Мектеп оқушысы төтенше жағдайлар үшін мобильдік қосымша жасап шығарды - Қоғам|06 Маусым 2017, 09:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мектеп оқушысы төтенше жағдайлар үшін мобильдік қосымша жасап шығарды

Фото: "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінен

16 жастағы оқушы Давид Кнышенко төтенше жағдайлар үшін әзірлеген «Fast Helper» мобильдік қосымшасының жобасы ашық деректерді қолдану байқауында үздік атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Шаг» компьютерлік академиясымен бірігіп «Ашық үкімет» порталының ашық деректері негізінде мобильдік қосымшаларды өңдеу байқауын өткізді.

16 жастағы мектеп оқушысы, «Шаг» компьютерлік академиясының шәкірті Давид Кнышенко қазылар алқасына өзінің «Fast Helper» атты жұмысын ұсынып, байқау жеңімпазы атанды. Бұл мобильдік қосымша төтенше жағдайларда қолдану үшін жасалған. Оның көмегімен өрт сөндіру қызметін, жедел жәрдем немесе құтқару қызметін шақыруға болады. Зерттеменің маңызды құраушысы – шақырылған қызметтің келуін күтпей-ақ, не істеу керек және қалай істеу керек екенін еске түсіретін ақпараттық анықтама бөлімінің болуы.

Қазылар алқасы атап өткендей, бұл қосымша қазіргі кезде, адамдардың 95%-ы кептелу, үрейлену немесе қауіп-қатер кезінде не істеу керек екенін білмейтін, сонымен қатар көбісі зардап шеккендерге қандай алғашқы жәрдем көрсету керек екенін бірден еске түсіре алмайтын кезде ерекше өзекті. Бүгінгі таңда, бұл қосымша ең өзекті және оның құндылығы – қосымшаның көмегімен біреудің өмірін сақтап қалуға болатыны.

Қазылар алқасы барлық көрсетілген жобаны идеяның түпнұсқалылығы, әлеуметтік маңыздылық, қолайлылық, коммерциялау болашағы критерийлері бойынша бағалады. Екінші және үшінші орынға, адамдарға өздеріне қолайлы мектепті, аурухананы, дәріхананы таңдауға мүмкіндік беретін, «Алматы қ. оқу орындары» мобильдік қосымшасы (С.Кажиев, В.Кадацких) және «HealthApp» (С.Алиханова) web-қосымшасы жобалары ие болды.

Керекті ақпаратты барынша тез алуға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшалар, бүгінгі әлемде танымал және белсенді сұранысқа ие болуда, және мобильдік қосымшалардың көбісі ашық деректер негізінде жазылатынын айта кеткен жөн. 2300-ден астам барлық мемлекеттік органдарының ашық деректер жинағы бар «Ашық үкімет порталы» арқасында, Қазақстанда 20-дан астам мобильдік қосымша мен сервистер құрастырылған (TengeApp, Здоровье+, контрагентті тексеру сервисі, балабақшаларды ұсыну жүйесі, және т.б.).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер