Құрбан айт мейрамында ауа райы қандай болады? - Қоғам|31 Тамыз 2017, 11:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Құрбан айт мейрамында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы демалыс күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен үш күнде елімізде ауа температурасы климаттық нормадан 3...10ºС жоғары болды. Алдағы демалыс күндері республиканың солтүстік жартысынан атмосфералық ағымдар ығысып, соның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Дегенмен бұған қарамастан қыркүйек айының басы ыстық болады деп болжануда.

Күндіз ауа температурасы +25...+33, ал оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста кей жерлерде +35...+40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер