BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қуандық Бишімбаев соттың әділ өтетініне сенеді – адвокат

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында экс-министрдің адвокаты Мәди Мырзағараев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қорғаушының айтуынша, айыптаушы тарап куәгерлердің айтқанын ғана дәлел ретінде келтіріп отыр.

«Кейбір адамдар қылмыс үстінде ұсталған. Енді олар қиын жағдайдан амалын тауып, құтылып кеткісі келеді. Сондықтан да олар өздерінің жазасын жеңілдетіп, бәленің бәрін Бишімбаевқа жаба салмақшы», - деді ол.

Сонымен қатар адвокат Қуандық Бишімбаевтың өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді.

«Ол соттың әділ өтетініне сенеді және барлық айғақты (өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін мәліметтер – автор) судьяға көрсеткісі келеді», - деді Мәди Мырзағараев.

Сондай-ақ, адвокаттар жиында Бишімбаевтың ісіне қатысты 23 адамға айып тағылғанын айтты.

Естеріңізде болса, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты қорғаушылардың баспасөз мәслихаты өтті. Онда адвокаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы таратқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаражатты ұрлауға қатысты қылмыстық іс бойынша «1,2 миллиард теңге көлемінде мемлекетке өтемақы төледі» деген ақпараттың жалған екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер