BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын 25% төмендетті

Астана, BAQ.KZ. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ревизорлық қызметінің 100 тарта қызметкері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу жөніндегі семинар-кеңес барысында Алматыда, Қостанайда, Ақтөбеде тренингтерден өтті. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Тренингтерде персоналдармен жұмысты ұйымдастыруға, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлардың білігіне, кәсіби машығына және білімін жетілдірулеріне ерекше ден қойылды. Ревизорлық қызмет басшыларына қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңір мен желі деңгейіндегі қызметкерлерге әдістемелік және алдын ала көмек көрсету ұсынылды.

«Ревизорлық аппарат қызметкерлері ақау жағдайын зерттеп, тексереді, техникалық ревизия өткізеді, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын саралайды. Ревизорлардың ең басты міндеті – қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуы жағдайының алдын алу», - деп мәлімдеді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және Экология департаментінің менеджері Дмитрий Зинченко.

Д.Зинченко пойыздық және маневрлық жұмыста ақау жағдайының алдын алу техникалық іс-шараларының және ұйымдастырушылықтың маңызын атап кетті. Бұл орын алуы мүмкін бұзушылықтардың алдын орауға мүмкіндік береді. 2018 жылдың 11 айында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қозғалыс қауіпсізідігін бұзуы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% кеміген.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өзінің кәсібилігі мен біліктілігін үнемі арттырып келе жатқан қызметкерлерді ыңталандыру жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр. Сондай-ақ лауазымдық қызметтерін атқаруы кезінде теміржол көлігіндегі ауыр салдарлардың алдын алғандарға ұқыптылығы үшін ыңталандыру жүйесі қайта қаралатын болады.

Ревизорлық аппарат қызметкерлерімен оқыту тренингтерін тоқсан сайын өткізу жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер