BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көмірмен қамту мақсатында 700 отбасыға көмек көрсетілді

Фото: karmetugol.pulscen.kz

Астана, BAQ.KZ. Әлеуметтік көмектің мұндай түріне ие болу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына бару қажет. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жылыту маусымы басталысымен Астанада 700 отбасы әлеуметтік көмектің арқасында қатты отынды алды.

Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек 3 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге және мүгедек балаларға көрсетіледі.

Егер бір жекеменшік тұрғын үйде қатты отын түрінде әлеуметтік көмек алуға құқы бар бірнеше тұлға тұрса, өтемақы солардың ішінде біреуіне ғана беріледі. Өтемақы жылыту маусымы кезінде 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі (19 240 теңге).

«Осындай әлеуметтік көмекті алу үшін арыз беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке төлқұжатының көшірмесі, мекен-жай анықтамасы; отбасы мүшелері туралы ақпарат, тұлғаның табысы туралы ақпарат (отбасы мүшелері), зейнетақы құжатының көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектігі туралы анықтама – мүгедектер үшін; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аймақтық органы берген тіркелген жылжымайтын мүлікке қатысты құқығы туралы анықтама, банк шоты туралы ақпарат», - деп хабарлады ведомствода.

Әлеуметтік жәрдемді алу үшін Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (Нұрсая – 2 ТК, Достық к 13, телефон – 55-68-22, 55-68-45) жылыту маусымы кезінде (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) бару қажет.

Жылыту маусымының соңына дейін әлеуметтік көмектің мұндай түрімен 1 мың отбасы қамтылады деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер