BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

27-28 желтоқсанда Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе қаласында 27 желтоқсан күні түнде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан екпіні 15 м/с болатын жел соғады.

27 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде жолда көктайғақ болып, тұман түседі.

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын соғып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында кей жерлерде 27 желтоқсан күні түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 27-29 желтоқсан күндері тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді.

Атырау қаласында 27-29 желтоқсан күндері тұман түседі, көктайғақ болады.

27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын, кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді.

Орал қаласында 27 желтоқсан күні оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді, қатты жауын-шашын жауып, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

27 желтоқсан күні түнде Атырау облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 27-29 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді.

Атырау қаласында 27-29 желтоқсан күні тұман түсіп, көктайғақ болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-98%


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер