BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қар, жел, көктайғақ: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты елдің оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел соғады.

Aлматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Aқмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, қатты жел соғады.

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер