Кей өңірлерде тұман түсіп, бұрқасын күтілуде - Қоғам|29 Желтоқсан 2018, 17:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Кей өңірлерде тұман түсіп, бұрқасын күтілуде

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері Қызылорда мен Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын жүреді.

«Қазгидромет» РМК мәліметтерінше 30 желтоқсан мен 1 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Сондай-ақ 30 желтоқсанда елордада жаяу бұрқасын күтіледі. Ал Ақмола облысында 30-31 желтоқсанда кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман түсіп, көктайғақ болады.Оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 08:15
Кей облыста аяз жалғасады
Пікірлер