BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазпошта осы жылы 1,6 миллионнан астам гибридті хаттарды жеткізді

Фото: «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша гибридті электронды пошта арқылы 1,6 миллион жөнелтілім қабылданған болатын. Бұл өткен жыл кезеңімен салыстарғанда 3 есе көп. Жоба ұлттық пошта операторы трансформация бағдарламасы аясында іске асырылуда. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Гибридті пошта хабарламаны жеткізудің екі түрлі әдісін сәйкестендіреді: электронды пошта арқылы және дәстүрлі жолмен. Мысалы, компания электронды хатты Қазпошта арқылы жіберсе, онда оны басып шығарады және тағайындалған жеріне жіберіледі, немесе хатты алушыға электронды форматта жеткізіледі.

«Қазпоштада облыс және аудын орталықтарында 196 электронды басылым пункттері ұйымдастырылған. Қызметпен Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура, ҚР ІІМ облыстық Ішкі істер департаменттері және тағы басқа сол сияқты ірі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар пайдаланады. Бұл қызметтің қажеттілігінің өсуі сенім, өнімнің ыңғайлылығы және біз дұрыс бағытта жылжып жатқандығымыз жайлы айтады», - дейді «Қазпошта» АҚ пошталық қызметтер жөніндегі Атқарушы директоры Сәуле Егембердиева.

«Мен бір күнде 3 мыңнан 5 мыңға дейін гибридті хаттарды қабылдаймын, мысалы шамамен 40 ұйымдардан және жіберуші қатысуынсыз, ыңғайлысы - кезектер болмайды», - дейді Астана почтаматының орталық операциялық учаскесінің операторы Әсия Кудеринова.

Берілген өнімді енгізу қолданушыларға қызметті онлайн режимде жөнелтілімді жасауға, гибридті жөнелтілімді бақылауға кеңседен немесе үйден шықпай жасауға мүмкіндік берді. Бұл қағаздарға, пошталық конверттерге және маркаларға шығындар үнемделді. Хаттарды жеткізу 7-10-нен 1-3 күнге дейін қысқартылды.

«Гибридті пошта көлемі үнемі өсуде. Бұрын күніне 50-100 хат келіп түсетін, қазір күнделікті 150-ден 300-ге дейін қабылдаймыз. Біздің байланыс торап үшін бұл үлкен көлем, өйткені біз күніне барлығы 700 хат қабылдаймыз. Гибридті поштаға артықшылығына мән беретін ұйымдардың саны да артуда. Көптеген хаттар жеке сот орындаушыларынан, банктерден, ІІД және басқа да ұйымдардан келіп түседі»,- дейді Екібастұз байланыс торабының орталық операциялық учаскесінің бастығы Жанар Айтчанова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер