BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.73
Астана:

Қазір жастар мәселесі күрделірек болып тұр — сарапшы

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жастар мәселесі күрделірек болып тұр. Біз жастарға еліміздің тарихы, мәдениеті және басқа да құндылықтарымен жақсы көзқарасты қалай қалыптастыра алатындығымызды түсініп алуымыз керек. Бұл туралы ЮНЕСКО ұйымының сарапшысы Сәуле Зейнолла Зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу тақырыбында өтіп жатқан конференцияда айтты.

Оның айтуынша бүгінгі конферецияның маңызы зор. Шетелдік мамандар экстремизм үдерістерін тереңірек түсінуге және еліміздегі зорлық-зомбылықты білім беру арқылы қалай алдын алуға тұрғысынан көмектесе алады. Және бұл тақырыпта дүниежүзінде мол тәжірибе жиналған, міне осылардың тиімді тұстарын Қазақстанға қалай енгізуге болатындығы қарастырылуда.

“Қазір жастар мәселесі күрделірек болып тұр. Біз жастарға еліміздің тарихы, мәдениеті және басқа да құндылықтарымен жақсы көзқарасты қалай қалыптастыра алатындығымызды түсініп алуымыз керек. Егер жастарымыз -кезкелген мәселее сыни көзқараспен қарап, тереңірек үңілсе бізде мұндай мәселе туындамас еді. Ол үшін біз оларды кішкентй кезінен бастап тәрбиелеуіміз керек. Ол тәрбие мектеппен шектеліп қалмай, университетте, жұмыс орнында да жалғасу керек”’ - дейді ол.

Сонымен қатар ол, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Финляндияның Киви деген бағдарламасын қарап жатқандарын жеткізді.

“Онда балалардың мектептегі бір-бірін мазақтап, әлімжеттік көрсетуін қателі фактор деп танып, оның алдын алумен жұмыс істейді екен” - дейді сарапшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер