Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы өмірден озды - Қоғам|27 Ақпан 2018, 11:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы өмірден озды

Фото: vesti.kz

Сұлтанғали Қаратаев Владимир Толчинскиймен бірге репортаж жүргізген. Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы сексен екі жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирді алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді. Сұлтанғали Қаратайұлының есімі Қазақ футболының тарихында мәңгі қалмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер