BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстаннан Ресейге арақ-шарап алып өтпек болған азамат ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасынан мол мөлшерде спирттік ішімдік алып өтпек болған Ресей азаматы тұтқындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҰҚҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қостанай шекара отрядының «Убаган авто» бақылау-өткізу бекетінде көлікті тексеру барысында 100 литрден астам арақ-шарап тәркіленді. Ол 43 жастағы ресейлік азаматқа тиесілі болған» - делінген хабарламада.

Ол Қазақстаннан Ресейге «ВАЗ» автокөлігімен 100 литрден астам алкогольді ішімдікті алып өтпек болған. Ішімдіктің 54 литр арақ және соншасы шарап (вино).

Ұсталған азаматтың мұндай тауарларды тасымалдауға берілетін Мемлекеттік рұқсатнамасы болмаған.

Бұл туралы ҰҚҚ-не Ұзынкөл ауданының құқық қорғау және өзара іс-қимыл жөніндегі органдарының өкілдері хабарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер