BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар саны артқан

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан халықының көші-қоны жайлы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Көші-қон қызметінің органдары ұсынған деректерге сай, биылғы жартыжылдықта елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 26,5%-ға кеміп, 6 368 адамды құраған. Ал керісінше елімізден кеткен азаматтардың саны 14%-ға көбейіп, 17 171 адамды құрады. Көші-қонның айырмасы 10 803 адам болды.

«Қазақстандықтар негізінен ТМД елдеріне кетіп жатыр. Олардың үлесі 89,7%-ды құрады. Өңіраралық көшіп-қонуға келсек, бұнда ең үлкен көрсеткіштер Шымкент қаласында (43 222 адам), Алматы қаласында (17 715 адам) және Астана қаласында (5 748 адам) тіркелген», - деп хабарлайды Статистика комитеті.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы жайлы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер