Алматы, BAQ.KZ. Әлем елдеріндегідей Қазақстанда да адам өмір-жасының ұзарғандығы байқалады.
Алматы, BAQ.KZ. Әлем елдеріндегідей Қазақстанда да адам өмір-жасының ұзарғандығы байқалады.
БЖЗҚ дерегінше, 2017 жылы адамдардың орташа өмір сүру жасы 73 жылды құраған, оның ішінде ерлер – 69 жас, әйелдер жасы – 77 көрсеткен.
Шетелдік сарапшыларды тарта отырып жүргізген БЖЗҚ-ның зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2017 жылы зейнетке шыққан ер адамдардың өмір-жасы 81 жылды құраған. Яғни зейнетке шыққан соң 18 жыл өмір сүрген, ал әйелдер жасы 82 жыл болған.
Елдегі демографиялық шкалаға сәйкес, 60 жастан асқандар ғана егде адамдар қатарына жатады. Қазақстанда олардың үлесі қазіргі күні 11,3% құрап отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!