BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар алдағы жылдың үштен бірін демалыспен өткізеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан халқы 2019 жылдың 118 күнін демалыспен өткізеді екен.

Әуелі демалыс Жаңа жылдан басталады. Жыл бастала салысымен 4 күн демалған ел, наурызда – 5 күн көжелетеді.

Тіпті биылғы жыл бітпей жатып-ақ 30, 31 желтоқсан күндері демалуды бастаған халық, келесі жылдың 1, 2 қаңтарын демалыспен жалғастырады.

Онсызда 28 күннің 8 күнін демалып өткізетін ақпаннан кейін Қазақстан халқының бірлік күні – 1 наурыз келеді. Мұнан соң мереке басталады дейсіз.

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;

Жеңіс күні – 9 мамыр;

Астана күні – 6 шілде;

ҚР Конституция күні – 30 тамыз;

ҚР тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан;

Ұлттық мереке Тәуелсуздік күні – 16-17 желтоқсан.

Ең ұзақ демалыс Наурызда. Қатарынан 5 күн. 21-25 аралығы. Жеңіс күні мен Тәуелсіздік тойында 4 күн демаламыз. Әйелдер күні мен Астана күні мерекелеріне орай 3 күннен демалыс.

Демалыс күндерінің көбі наурызға дөп келіп тұр. Бұл айда бар болғаны 17 жұмыс күні. Ал ең «еңбекқор» ай – қазан. 23 күн талмай жұмыс істеуге тура келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер