Қазақстандық оқушылар кәсіпкерлік негіздерін үйренуге кірісті - Қоғам|31 Қазан 2017, 19:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық оқушылар кәсіпкерлік негіздерін үйренуге кірісті

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқушылары кәсіпкерлік негіздерін үйренуге кірісті. Оларға бизнестің қыр-сырын үйретуге Израильден арнайы мамандар келген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның баспасөз қызметінің айтуынша, кәсіпкерлік білім негіздері жөніндегі курс «Моментум» деп аталады. Аталған жобаны зияткерлік мектептері мен Тель-Авив университетіндегі Достар ассоциациясы бірлесіп жүзеге асыруда. Ондағы мақсат – елімізде стартап индустриясын қалыптастыру.

«Біз Тель-Авив университетіндегі Достар ассоцияциясымен бірігіп, жаңа жобаны қолға алдық. Осы орайда Израильдегі танымал бизнес-тренер Елена Донец «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқушыларына арнайы дәріс өткізу үшін шақырылды. Енді израильдік стартап технологиялар Зияткерлік мектептерге енгізіле бастайды. Ондағы мақсатымыз оқушыларға кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, олардың осы салада дағдысын қалыптастыру», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы орайда израильдік стартап саласындағы белгілі сарапшы Елена Донец кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы қазақстандық оқушыларға арнайы бейімделгенін атап өтті.

«Оқыту курсы арнайы қазақстандық оқушыларға бейімделіп жасалған. Курс аяқталғаннан кейін балалар венчурлік қор мен акселератор, қазіргі стартап үлгісі мен инновациялар экосистемасы қалай жұмыс істейтінінен хабардар болады. Ең бастысы олар өздерінің бизнес-жоспарларын жасауға үйренеді. Тель-Авив университетінің Кәсіпкерлік орталығы әзірлеген барлық методика Зияткерлік мектептерге беріледі», - деді маман.

Осы орайда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның баспасөз қызметі оқушылардың арнайы тренингтен өтіп, өз стартап жобалар жасағанын алға тартты.

«Біздің оқушыларымыз күзгі каникулда яғни бір апта бойы тренингтерде стартап жобаларды қалай ашу қажеттігін үйренді. Осы орайда өткен аптаның сенбісінде оқушылардан құрылған 8 топ өз жобаларын ұсынды. Ең қызықты жобаларға тоқталайын. Бірінші, «Hype’n’Flow» стартап жобасы. Ол - жасөспірімдерге арналған тауарларды сататын аппарат. Екінші, «Easy knowledge» платформасы. Мұнда оқушы өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Үшінші, «Ecotime» қосымшасы. Осы қосымша азамат өз уақытын үнемдеуге үйренеді», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, Тель-Авив университетіндегі Достар ассоцияциясы – әлемнің академиялық орталықтарын Израилдің басты жоғары оқу орындарымен байланыстыратын ұйым. Аталған сссоциацияның еліміздегі негізгі мақсатының бірі – кәсіпкерлік білімді дамыту және кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер