BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық дәмдеуіштер Мәскеуде жыл тағамы атанды

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Мәскеуде өткен 27-ші «World Food Moscow 2018» халықаралық азық-түлік көрмесінде он бір отандық өндіруше компания ұсынған Қазақстанның ұлттық тақтасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Павильонды «Made in Kazakhstan» брендімен ұсыну форматы елдің экспорттық әлеуетін тиімді таныстыруға, танымалдылығын арттыруға және қазақстандық өнімді шетелде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық өндрушілерге өткізу нарығын кеңейтуге және жаңа серіктестер іздеу үшін осындай көрмелерге қатысуын ұйымдастырады. Қазақстандық өнімді экспорттаудың географиясын кеңейту және экспорттық ағынды арттыру келешегі зор болып отыр.

«Бүгінгі таңда компаниямыз Қазақстан нарығында шай өнімдері мен дәмдеуіштерді өндіру бойынша озық позицияларға ие. Аталған көрме жаңа дистрибьюторларды табуға ғана емес, сонымен бірге ағымдағы серіктестермен кездесуге, барлық жоспарларды осы жерде талқылауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті «Малу» ЖШС жетекшісі Василий Грищенко.

Оның өнімдері міне екінші жыл қатарынан «World food Moscow» көрмесінде «Жыл тауары» марапатына ие болып отыр.

«Өткен жылы біз шай өнімімен «алтынға» ие болғанбыз, осы жылы дәмдеуіштердің «Магия вкуса» және «Гурман» маркасы бізге «күміс» алып келді», - деді компания директоры.

Бұл ресейлік серіктестердің тарапынан қазақстандық өнімге деген қызығушылықтың артқанын куәландырады.

Қазақстандық өнім экспортының географиясын кеңейтуге арналған осындай көрмелерге қатысу Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «В2В» форматында әлеуетті сатып алушылармен келешектегі кездесулерге және іскерлік келіссөздерге арналған сауда келіссөз жүргізу аймақтарын әзірлеуі арқасында бұл көрмеге қатысушылардың арасындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамытуға жақсы әсерін тигізетінін қазақстандық тауар өндірушілердің өздері де айтып отыр.

«World Food Moscow 2018» көрмесі 1500-ден астам ресейлік және әлемнің 65 елінен келген шетелдік компанияларды, 17 федералды және аймақтық желілерді, азық-түлік өнімдері мен сусындарды импорттаушылар мен ірі дистрибьюторлардың басын қосты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер