BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық әйел Оңтүстік Кореядан фабрика ашты

Фото: скрин

Астана, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяға оқуға барған Қазақстан азаматы сол елде кәсіп ашып, іскер атанды. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Қазір Галина Алимова Инчхон қаласындағы косметикалық фабриканың иесі. Оның зауытының өнімдері Оңтүстік Кореяда ғана емес Қытай, Жапония, Еуропа тіпті Америкада сұранысқа ие.

Галина өз өнімдерінің кейбіреуіне қазақша атау берген. Дегенмен оның жасалу жолы мен құрамын жасырын ұстайды. Жалпақ жұртқа белгілісі косметикалық заттарға алтын ұнтағы косылады екен.

Компанияда он адам жұмыс істейді. Олардың екеуі - Қазақстан азаматы. Олар Инчхондағы кәсіпорында тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттырып жүр. Өйткені келесі жылы жерлесіміз өз отанында зауыт ашуды жоспарлаған.

Кәсіпкердің айтуынша, Қазақстанда косметика жасауға қажетті шикізат жеткілікті.

Галина Алимова, зауыт басшысы: - 2019-да ашам деген ойдамын. Өзім туған еліме, халқыма көмектескім келеді. Көрсеткім келеді. Мысалы, Алатаудың өзіңде де қыс мезгілі, қыс пен көктем бәйшешектер сол деген өте-өте құрамында адамның бетіне, терісіне өте жақсы дейді. Сондайдан жасағым келеді. Сосын дейтін біздің балдар бар. Солар да жақсы. Неше түрлі шампуннан бастап маскіге дейін жасауға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер