BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандағы кәсіби мерекелер күні бекітілді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі 46 кәсіби мерекелік күнді мақұлдап, жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Әділет" құқықтық акт жүйесінде жарияланды.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия күні - 10 қаңтар;

2. Алғыс айту күні - 1 наурыз;

3. Жерді пайдалану, геодезия және картография күні - наурыз айының екінші сенбісі;

4. Геологтар күні - сәуір айының алғашқы жексенбісі;

5. Ғылыми қызметкерлер күні - 12 сәуір;

6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;

7. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні - 21 мамыр;

8. Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары күні - 31 мамыр;

9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамыр айының соңғы жексенбісі;

10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні - 4 маусым;

11. Экологтар күні - 5 маусым;

12. Полицейлер күні - 23 маусым;

13. Мемлекеттік қызметкерлер күні - 23 маусым;

14. Жеңіл өнеркәсіп өндірушілер күні - маусым айының екінші жексенбісі;

15. Медицина мамандары күні - маусым айының үшінші жексенбісі;

16. Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні - 28 маусым;

17. Дипломатиялық қызметкерлер күні - 2 шілде;

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күні - 13 шілде;

19. Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні - шілде айының екінші жексенбісі;

20. Металлургтер күні - шілде айының үшінші жексенбісі;

21. Сауда саласы қызметкерлерінің күні - шілде айының төртінші жексенбісі;

22. Транспорт саласы мамандарының күні - тамыз айының алғашқы жексенбісі;

23. Құрылысшылар күні - тамыз айының екінші жексенбісі;

24. Шекарашылар күні - 18 тамыз;

25. Спорт күні - тамыз айының үшінші жексенбісі;

26. Кеншілер күні - тамыз айының ақырғы жексенбісі;

27. Білім күні - 1 қыркүйек;

28. Мұнай-газ саласы қызметкерлері күні - қыркүйек айының алғашқы жексенбісі;

29. Отбасы күні - қыркүйек айының екінші жексенбісі;

30. Қазақстан халықтарының тілдер күні - 5 қыркүйек;

31. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;

32. Әділет огандары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;

33. Машина құрастырушылар күні - қыркүйек айының соңғы жексенбісі;

34. Еңбек күні - қыркүйек айының ақырғы жексенбісі;

35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - 6 қазан;

36. Ұстаздар күні - қазан айының алғашқы жексенбісі;

37. Құтқарушылар күні - 19 қазан;

38. Орман шаруашылығы мамандарының күні - қазан айының үшінші жексенбісі;

39. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні - қазан айының соңғы жексенбісі;

40. Қауіпсіздік ұйымдарының қызметкерлері күні - 29 қазан;

41. Сыртқы барлау күні - 5 қараша;

42. Статистика күні - 8 қараша;

43. Ұлттық валюта - теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;

44. Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні - қараша айының үшінші жексенбісі;

45. Прокуратура күні - 6 желтоқсан;

46. Энергетиктер күні - Желтоқсанның үшінші жексенбісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер