Мораторий алынған күннің өзінде педофилдерге өлім жазасы кесілмейді – заңгер - Қоғам|02 Қазан 2016, 10:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мораторий алынған күннің өзінде педофилдерге өлім жазасы кесілмейді – заңгер

Фото: today.kz

Елімізде Конституцияға сәйкес, өлім жазасына лайық бір ғана адам бар, ол – Алматыда полицейлерді қырып салған Күлікбаев. Бұл туралы қазақстандық заңгер Джохар Өтебеков Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Тіпті, Президент өлім жазасына жарияланған мораторидің күшін жойған күннің өзінде, ол қылмыскерлердің ешқайсына қауіп төндірмейді! Мораторий жазаны кесуге кедергі келтіріп отырған жоқ. Ол судьяларға емес, қаскөйлерге енгізілген! Мораторий судьяларға өлім жазасын тағайындауға кедергі келтірмейді: оған Қылмыстық кодексте мүмкіндік берілген», – дейді Джохар Өтебеков.

Оның айтуынша, соттарға Конституцияның 15-бабы кедергі болып отыр. Оны депутаттар 2007 жылдың 21 мамырында өзгертті. Содан бері ең ауыр жаза бейбіт заманда адамдарды өлтірген лаңкестерге ғана кесілуі мүмкін екен. Алайда тірі қалған лаңкестердің арасында бұған дейін ондай адам болмаған.

«Кәмелетке толмағандарды зорлағандар мен кісі өлтіргендерге ең ауыр дегенде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Жазаны жеңілдеткен заңның екінші жағы бар. Сондықтан 2007 жылға дейін өлім жазасына кесілгендердің жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Мұндай ауыр жазаға тек Алматыда полицейлермен атысып, бірнеше адамның өмірін қиған Күлікбаев ғана кесілуі мүмкін. Өйткені билік оны террорист деп танып отыр», - деп түсіндірді заңгер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер