BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Қазақстанда бай адамдардың саны екі есе артады – болжам

Фото: forbes.kz

2025 жылға дейін Қазақстандағы миллионерлер мен миллиардерлер саны 12 мыңға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстандағы luxury-туризмді дамыту тақырыбына арналған B2b Luxury&MICE workshop шарасында TMI Consultancy директоры Хелен Ллойд айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сарапшылардың мәліметінше, Орталық Азияда миллионерлер мен миллиардерлердің саны бойынша рейтингте Қазақстан көш бастап тұр.

«2005 жылы ауқатты қазақстандықтардың саны 6 мыңнан көп емес болса, 2015 жылы олардың саны шамамен 7 мыңға жеткен. 2025 жылға қарай еліміздегі миллионерлер мен миллиардерлердің саны 12 мыңнан асып жығылатын болады», – деп мәлімдеді ол.

Бұл сандар әзірге нарықтың 3%-ын ғана алатын еліміздегі luxury-туризмнің дамуы бойынша жақсы болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Ауқатты қазақстандықтар жұбымен немесе отбасымен демалуды жөн санайды екен. Олар көбінесе ең танымал қонақүйлерді таңдап, жеке ұшақ, люксті көліктерімен жүреді.

Ллойдтың айтуынша, 2017 жылдың жаз айларында бай-ауқатты қазақстандықтардың көбі Түркия, Грузия, Шри-Ланка, БАӘ, Мальдив аралдары мен Мысырға барған.

Global Air – American Express-тің бас директоры Гүлден Оспанованың айтуынша, орташа есеппен бай қазақстандықтар бір апталық демалыс үшін адам басына 10 мың АҚШ долларын жұмсайды. Дегенмен бай-ауқаттыларды да дағдарыс айналып өтпеген. Оның ойынша, визалық талаптар күшейтілмеген жағдайда қазақстандықтар демалу үшін бұрынғыдай БАӘ, Түркия және Еуропа мемлекеттеріне бара бермек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер