Қазақстанда азаматтарды тұрған жері бойынша тіркеу тегін болады - Қоғам|22 Желтоқсан 2017, 12:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда азаматтарды тұрған жері бойынша тіркеу тегін болады

2018 жылдан бастап Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты және уақытша мекен-жайы бойынша тіркеу қызметінің тегін жүргізілуі жоспарлануда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«ІІМ-де жаңа Салық Кодексі жобасына уақытша және тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгені үшін мемлекеттік баж салығын төлетуге қатысты өзгерістер енгізілді. Қазір аталған қызметке азаматтар айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын (226,9 теңге) мемлекеттік баж салығы ретінде төлеп жүр», - деді ведомстводағылар.

Аталған өзгертулер Қазақстан Парламенті қабылдап, Президентке қол қою үшін жіберілген Салық Кодексіне енгізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер