Қазақстан даласынан енді тұран жолбарыстарын көретін боламыз - Қоғам|13 Желтоқсан 2018, 13:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан даласынан енді тұран жолбарыстарын көретін боламыз

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры World Wildlife Found (WWF) және ҚР орман шаруашылығы комитетімен бірлесіп Алматы облысы аймағына туран жолбарыстарын жерсіндіру бойынша үлкен жобаны қолға алып отыр. Осының аясында 70 жыл бұрын жоғалып кеткен тұран жолбарыстары елімізге қайта оралады. Бұл жайында «Тұран жолбарыстарының қайта түлеуі» қозғалысының еріктісі Тимофей Банников Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның айтуынша, алдағы он жылдықта ресейден 200-ге тарта амур жолбарыстары жеткізіледі.

«Алматы облысындағы Балхаш-Іле аумағы бұл жолбарыстардың мекен етуіне және тез жерсінуіне өте қолайлы. Ол жер 200 жолбарысты артығымен сидыра алады. Бастапқы бес жылда бұл аймақты жолбарыстар үшін дайындаймыз. Яғни олардың қоректенуі үшін Бұқар бұғылары, қабан, құлан сияқты жануарлар жеткізіледі. Егер бәрі ойдағыдай болса жолбарыстардың алғашқы легі ретінде жиырмасын 2023 жылы жеткіземіз», -дейді ол.

Сонымен қатар ол, жолбарыстар жерсініп жатса он жылдан кейін Арал, Іле маңына да жануардың осы түрін жіберетіндіктерін жеткізді.

«Бізге сол маңда тұратын елдімекендердің халқымен жұмыс істеу қажеттілігі туындап отыр. Әсіресе мектеп оқушыларымен, өйткені олар жыртқыш аңмен көршілес болады. Сондықтан жолбарыстың биологиялық құрылымын білгендері жөн, ол үшін арнайы оқыту әдістемеліктері әзірленеді. Сондай-ақ жолбарыстың жұртшылық арасына кіріп кетпеуін қадағалайтын арнайы отрядтар құрылады. Жалпы жолбарыстар өздігінен елдімекенге кіріп кетпейді, олар аң қуып немесе броконерлердің оғынан жарақаттанып, қорек таба алмай қалған кезде ғана баруы мүмкін», -дейді Т. Банников.

Жалпы Орталық Азияда жолбарыстардың қолайлы өмір сүруіне негізгі 4 жағдай анықталған екен. Атап айтар болсақ, жарамды мекендейтін жерлердің аумағы кең, тұщы сумен жақсы қамтамтылған, жабайы шошқа мен бұхар бұғының сонымен бірге басқада тұяқтылар санының тығыздығы, сондай-ақ қардың жұқа түсуі.

Жолбарысты қайта жерсіндіруге лайықты жерлерді анықтауға Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бағдарламасы аясында Қазақстан, Ресей және Швейцария сарапшылары жүргізіпті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер