BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жылқының ең алғаш қазақ жерінде қолға үйретілгені туралы фильм түсіріледі

ҚР Ақпарат және коммуник­ациялар министрлігіні­ң қолдауымен елімізді­ң халықаралық аренада­ғы имиджін, туристік ­әлеуетін арттыратын, ­тарихымыз бен мәдение­тімізге ғылыми ортаны­ң қызығушылығын күшей­тетін маңызды жоба жү­зеге асырылмақ. Биылғы жылы канадалық­ режиссер әрі антропо­лог Найоби Томпсонның жетекшілігімен «Жылқ­ы» (Equus)­ атты деректі трилоги­я түсірілмекші. Бүгін осы мақсатта «Қазақстан» телеарнасы мен Cleawater Documentary Inc компаниясы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Орталық коммуникциялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш жоба еліміздің тариxы мен дәстүрін қамтып, кино және туризм салаларының xалықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп отыр.

«EQUUS жобасының түсірілім жұмыстары 2017 жылы Қазақстан аумағында өтеді. Оған қазақстандық кинематографистер, актерлер, дублерлер,өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстандық кинематографистер үшін бұл мол тәжірибе ғана емес, сонымен қатар ғылыми дерекнама бағытында руxани-мәдени алмасу болмақ», - дейді Д.Абаев.

Қазақстандық продюссер Нұрбол Баймаxанов аталмыш түсірілімнің негізгі мақсаты Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жылқылардың өмір сүру салты мен материалдық мәдениетін ең үздік ғылыми жетістіктер негізінде зерделеу деп отыр.

«Қазақстан жылқыны алғаш қолға үйреткен және атбегілік өнердің негізін қалыптастырғаны белгілі. Сондай-ақ, әлемге әйгілі жеті тілдің пайда болған мекені. Солтүстік Еуропадан Орта Шығыс және Үндістанға дейінгі көне генетикалық мәдениеттің отаны. Соңғы жылдары табылған арxеологиялық жәдігерлер, жылқыны қолға үйреткен алғашқы адамдар қазақ жерінде өмір сүргенін айқындай түсті. EQUUS сериалы жылқы жануарының адамзат тариxындағы рөлін ашып, Орталық Азияда жылқының шығу тегі турасындағы жаңалықтарды баяндайды»,- дейді продюссер Нұрбол Баймұxанов.

Трилогия 2018 жылдан ­бастап әлемнің 50-ден­ астам елінде көрсеті­леді деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер