BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан адам әлеуетін дамытуда екі орынға жоғарылады 

Қазақстан адами ресурстарды дамытудың жаһандық рейтингінде 58 орында тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Еліміз 2018 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда осы рейтингте екі орынға жоғары көтерілді.

Адами даму индексі аналитиктер бағалауы бойынша 1-дің 0,8 құрап отыр.

Атап өтілгендей, 2017 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70 жылды құраған. Елдегі білім алудың болжамды жылы 15,1 жылды құраса, орта есеппен алғанда елдегі білім алу 11,8 жылға созылады.

Сарапшылардың айтуынша, Еуропа мен Орталық Азияда адам ресурстарын дамыту индексінің орташа мәні 0,771 құрайды. Бұл дамушы өңірлер арасында жоғары белгі болып саналады.

Осы аймақта дамушы өңірлер арасында әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздіктің ең төменгі деңгейі анықталған. Алайда, әйелдер арасындағы экономикалық белсенділік коэффициенті бұрынғысынша төмен болып отыр. Ерлер үлесінде 70,3% болса, әйелдер белсендлігі небәрі 45,5% құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер