BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Kazakh TV қырғыз тілінде хабар таратады

«Хабар» агенттігі құрамындағы ақпараттық-танымдық телеарна төрт тілде хабар таратпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қазір өтіп жатқан жаңа маусым жобаларын таныстыру кезінде мәлім болды.

«Хабар» агенттігіне қарайтын Kazakh TV ақпараттық-танымдық телеарнасы жаңа маусымда Қырғызстанда қырғыз тілінде хабар тарататын болады. Осылайша әзірге телеарна төрт тілде - қазақ, орыс, ағылшын және қырғызша сөйлемек.

Телеарна директоры Андрей Тараков агенттік тілшісіне берген сұхбатында бұдан былай хабарлардың бір мезгілде төрт тілде хабар таратынын айтты.

«Қазір ел ішінде (шет елдерге қазақ және ағылшын тілдерінде - ред.) қазақ және орыс тілдерінде үш сағаттан кезектесіп хабар таратамыз. Ал енді видео бірдей, тілдер әртүрлі болады. Көрермен тілді өзі таңдайды», - деді ол.

Тараков мырзаның айтуынша, қырғыз тілінде хабар тарату шамамен 25 қазаннан басталмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер