Қасымов жаңа формаға бөлінетін қаржы туралы: «Мен қайдан білейін?» - Қоғам|25 Қазан 2018, 12:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қасымов жаңа формаға бөлінетін қаржы туралы: «Мен қайдан білейін?»

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының кулуарында журналистер Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан полицейлердің жаңа формасына қатысты сауалдарын қойды.

«Формамен бір жыл болды жұмыс істеп жатырмыз. Интернетте жүрген құрылыс ұйымдарыныкіне ұқсайтын форма ол сіздердің мәселелеріңіз. Біз формамызды әлі ешкімге көрсетпедік. Әлі әзірленіп жатыр», - деді министр.

Ол полицейлердің жаңа формасында көп өзгеріс барын атап өтті. Бірақ әзір өзгерістерді түсіндіре алмайтынын жетізді.
Төменде журналистер мен министр арасындағы сұрақ-жауапты ұсынамыз:

- Сотталғандардың формасынан сәл ғана айырмашылығы бар деп айтып жатыр. Сол рас па?

- Жоқ. Кейін көресіздер. Халықтың пікірін еститін боламыз.

- Форма ауыстырудың не қажеттілігі туындап отыр?

- Қазіргі формамыз тым кеңсе қызметкерлерінікіндей. Біз «спецназды» киіндіреміз, олардан сұрадық. Барлық ұсыныстарды алдық. Жол-патрульдік полициядан да сұрадық. Олар бірқатар нәрселерді ауыстыру қажеттігі туралы айтты, ыңғайсыз дейді. Белдікті таққанда қаруды ұстап жүру ыңғайсыз. Сол себепті осы жылдары көп зерттедік. Канададан бастап басқа елдердің әртүрлі климаттық жағдайға байланысты формаларын қарастырдық. Солтүстік пен оңтүстікке де ыңғайлы форма әзірлеп жатырмыз. Тағы да айтамын, біз оны әзірлейміз. Содан кейін халыққа көрсетіп, талқылаймыз. Сосын барып қабылдаймыз. Киімнің 98 проценті қазақстандық мазмұнда болады. Осы жобамен жұмыс істейтіндерге осылай талап қойдық», - деді министр.

- Неге ауыстыру қажет болып отыр? Соңғы рет қашан ауыстырдыңыздар?, - деп сұрады журналистер.

- Тым ресми. Сол себепті ауыстармыз. Форманы 7 жылда, 5 жылда бір аламыз. Мамандар шақырдық. Соңғы рет 2001 жылдары ауыстырдық.

- Жаңа форма бойынша «толық полицейлерге» арықтау ұсыныла ма?

- Бізде жалпы стандарт. Олар әрбір рет физикалық дайындық нормативтерін тапсырады. Егер ондай салмағымен тапсыра алмаса кетуін сұраймыз.

- Әлеуметтік желіде игерілмей қалған ақшаға жұмсалып жатыр ма деп жатыр. Қыркүйекте игеремін депсіз.

- Қазір соны санап жатырмыз. Айтамыз сіздерге.

- Толық кісілер нормативті қалай тапсырады?

- Бізге келіп көріңіздер. Жүгіреді, атады. Толық болса оның физикалық дайындығы бар шығар. Салмағы ауыр қызметкерлер де тапсырады. Мен де Оларға мен де кейде таңқаламын. Басқалар секілді жүгіреді. (...) Бір жылдан бері формамен айналысып жатырмыз. Біз тек форманы ғана емес, ұйымдастыру мәселесін реформалаумен айналысамыз. Құрылымдарды өзгертіп, фронт кеңселер құрып жатырмыз. Сіздер киім формасына қадалып қалдыңыздар. Тағы да айтамын, мұнымен бір жылдан бері жұмыс істеп жатырмыз. Полицейлер 4-5 жылдан бері шағымданып жүр.

- Қанша қаржы жұмсалады?

- Сауал жіберіңіз, жауап береміз. Дәл қазір айта алмаймын. Мен қайдан білейін? Біздің жалпы бюджетіміз – 326 млрд теңге.
- Қазақстанда қанша полицей бар? Статистиканы білетін шығарыз?

- Сауал жіберіңіздер, айтып беремін. Нақты санды айту керек. Қазір бірнәрсе десем «саны осындай екен» деп елді көтересіздер.

- Өзіңіз жыл сайын норматив тапсырасыз ба?

- Міндетті түрде. Келіңіздер, мен сіздерге көрсетемін.

- Қашан?

- Әр сейсенбі мен бейсенбіде. Сіздердің бәріңізді мен тапсыратын күні күні шақырамын, - деді Қасымов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер