BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қасымов Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін берілген медаль жайлы айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тен не үшін марапатталғанын айтты. Белгілі спортшы қайтыс болғаннан кейін «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталған еді.

«Бұл мен марапаттай алатын ең жоғары награда. Бізде бұл медаль түрлі оқиғалар кезінде жасаған ерлігі үшін беріледі. Біз осы наградамен ерлік жасаған және өз функционалдық міндеттерін орындаған қызметкерлерімізді марапаттаймыз. Біз бұл жағдайда Денис Тен қылмыстың жасалуына жол бермей, ерлік істеді деп есептейміз. Сондықтан мен өз бұйрығыммен Денис Тенді марапаттадым. Менің қолымнан келетіні осы ғана», - деді Қалмұханбет Қасымов Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Атап өтсек, медаль 9 қараша күні Денис Теннің әкесі Юрий Тенге Алматы қаласы ҚР Ұлттық гвардиясы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында табысталды.

Денис Тен 19 шілде күні Алматы қаласының орталығында ұрылардың қолынан қаза тапқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер