BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіби мереке қарсаңында Президенттің журналистермен әзілдескен видеосы жарияланды

ҚР Президентінің телерадио кешені Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақордада журналистермен кездесу кезінде әзілдескен видеосын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан журналистік қоғамы бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде. Журналист мамандығы өмірімізде ерекше орын алып, миллиондаған адамдардың сенімін тудырады. Ал кейбіреулері тіпті Президенттің сеніміне ие. Сіздердің назарларыңызға президент журналистермен әзілдескен сәтінен үзінді. Қымбатты әріптестер, баршаларыңызды мерекемен құттықтап, сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз" - делінген Президент телерадио кешенінің жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасының қазақтың қара домбырасы туралы айтқан ой-пікірін жариялаған болатынбыз.

Ал бүгін Астанада журналистер арасындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер