BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қалта ұрыларынан абай болыңыз

Астана, BAQ.KZ. Елімізде жаңа жыл мерекесі алдындағы қарбалас басталды. Мұндайда адамдар көп шоғырланатын жерлерде қалта ұрыларының құрбанына айналу мүмкіндігі жиілейді.

Сондықтан полиция қызметкерлері сөмкеңізді азық-түлікке арналған арбаға салмауды, кезекте тұрғанда сөмкеңізді қолыңызға ұстап тұруды және әмиянды, құнды заттарды полиэтиленді пакетке салмауды, сонымен қатар қоғамдық көлікте мұқият болуды, сөмкеңіздің жабық болуын қадағалауды, құнды заттарыңызды киімнің ішкі қалталарында сақтауды ескертеді. Сонымен қатар Полиция департаменті зардап шекендер болса Астана қаласындағы Бейбітшілік 19, немесе 8(7172)71-61-71 нөміріне хабарласуды сұрайды.

«22 желтоқсанда полиция қызметкерлері 28 жасар Қарағанды облысының тұрғынын аялдамада сөмке ұрлаған жерінен қолға түсірді. Қазіргі таңда ол уақытша қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», дейді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер