BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Инвесторлар қаржысына 50 жылы аялдама салынады

Астана, BAQ.KZ. Астанада жергілікті инвесторлар қаражатына салынған 12 жылы аялдама жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Astanа» ӘКК» АҚ-нің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Канкин жуырда осы салада шетелдік инвестордың пайда болғанын жеткізді. Ал қалғандары – Астананың бизнес өкілдері.

Б. Канкиннің айтуынша, инвесторлар өз салымдарын аялдамада коммерция жүргізілетін павильондар арқылы және жарнамалық баннерлерді орналастыру есебінен ақтайтын болады.

«Аялдамаларда Wi-Fi қызметін ұсынатын инфесторлар бар және оны олар өз тауарын және қызметін сату бағытында қолданады. Сондай-ақ, аялдамаларға терминалдар, аппараттар қойылады, инвестор жалға беру есебінен де пайда көреді», - деді Канкин.

Автобус аялдамасындағы коммуналдық шығыстарды да инвестор төлейді. Ал аялдама орналасқан жер телімі 10 жылға жалға беріледі.

Еске сала кетейік, кеше Жағалау шағын ауданында АҚШ инвесторы қаржысына салынған Your I-Stop «ақылды әрі жылы» аялдаманың ашылуы өтті. «Есіл» ауданы әкімдігінің қолдауымен аялдамаға коммуникация тартылған. Павильонды Астанада отандық кәсіпорын дайындаған.

Ал 2019 жылдың аяғына дейін қалада осындай 50 аялдама ашылады деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер