Интернетті бұғаттауға құқығы бар органдар саны қысқарды - Қоғам|30 Қазан 2018, 16:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Интернетті бұғаттауға құқығы бар органдар саны қысқарды

Фото: bigmir.net

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі ресми парақшасында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде желі мен байланыс құралдарын бұғаттау туралы Үкімет қаулысына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұған дейін бұғаттау құқығына ие субъектілердің саны 22 болған. Қаулы арқылы олардың саны қысқарып отыр.

Министр түсініктемесінде екі сұраққа жауап берді.

Бірінші сұрақ: аталған мемлекеттік органдар қандай принциппен таңдалды?

Қаулымен ерекше құқыққа ие мемлекеттік органдардың саны қысқарды. Ескі қаулыда 22 субъект болса, олардың ішінде тіпті мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрілігінің құрылымдық бөлімдері де болған.

Екінші сұрақ: желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтату дегеніміз не және оны қолдануға ерекше құқық иелері дегеніміз - кімдер? Оған интернетті бұғаттау құқығы кіре ме?

Төтенше жағдай болған жағдайда азаматтарды құлақтандыру үшін мемлекетке телевидение немесе радио секілді барлық арналар қажет болуы мүмкін. Бұл қаулы мемлекетке адамдарды апат туралы құлақтандырып және сәйкес нұсқаулықтарды өткізу мақсатында Қазақстан аумағында хабар тарататын кез келген теле- немесе радиоарналарды ажыратуға рұқсат береді. Бұл алгоритм билік желілер мен байланыс құралдарын «ерекше қолдана алады» деген түсінігін білдіреді.

Интернет «желілер мен байланыс құралдары» санатына кіреді. Дегенмен дәл мұндай жағдайда мемлекеттің ерекше қолдану құқығымен Интернетті толықтай өшіреді деу қисынға келмейді. Осылайша, біріншіден, бұл қаулы мемлекетке ешқандай жаңа өкілеттілік бермейді. Мұның бәрі 2004 жылдан бері бар дүниелер. Екіншіден, құжат мемлекеттік органдардың төтенше жағдай кезіндегі коммуникациялық жұмыс бойынша өкілеттілігін реттейді. Бұл әлемдік практикада бар. Үшіншіден, қаулы «Интернет пен әлеуметтік желіні бұғаттау» туралы емес.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер