BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индонезияда құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Таңертең индонезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы теңізге құлады. Ұшақта Қазақстан азаматының бар-жоғын ҚР СІМ анықтады.

«Индонезияда Төтенше жағдайлар министрлігінің берген мәліметіне қарағанда құлаған ұшақта Қазақстан Республикасының азаматы жоқ», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Индонезиялық құтқарушылардың мәліметінше, ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 MAX 8 теңізге құлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер