BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ІІМ: Жыл басынан бері 10 балықшы суға кетті

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде қыс кезеңіне азаматтық қорғау органдараның дайындығы туралы брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

«Жылу маусымы басталған уақыттан бері тұрғын үй секторында 700 астам өрт орын алып, оның салдарынан 48 адам уланып, көз жұмды. Оның ішінде 10 бала бар. Ал өрт шықпастан бұрын тек улы газбен уланып қаза тапқандар саны 11 болса, табиғи газбен уланғандардың саны 11 адамға жетті», - деді вице-министр.

Юрий Ильиннің айтуынша, улы газбен улану оқиғалары Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жиі орын алған.

«Бізді балықшылар алаңдатады. Себебі, қазір мұз қалыптасуы жаңа басталды. Сондықтан, ол мұз бетіне шығып, балық аулау үшін әлі де жарамсыз. Өкінішке қарай, осы жылдың өзінде 10 адам балық аулау кезінде суға кетіп, көз жұмды. Біздің тарапымыздан жасалған ескертулер ескерілмей жатыр», - деген ол балық аулауға шыққан кезде міндетті түрде жеке қорғаныш құралдары болуы қажеттілігін еске салды.

Вице-министр жасотандықтарды тарту арқылы қыс маусымындағы өрт қауіпсіздігі шараларына қатысты өткен айлық оң нәтиже бергенін және әлі жалғасын табатынын мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер