BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерекше адамдарға арналған такси

Астана, BAQ.KZ. Инватакси қызметі бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жұмыс істейтін және оқитын адамдарға ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап. Астанада ерекше күтімдегі адамдардың жайлы қозғалысы мен қалалық ортаның қолжетімді болу мәселесін шешу мақсатында «Инватакси» қызметі ұйымдастырылды.

«ДЦП диагнозы бар көптеген балалар үшін, тірек-қимыл қозғалысы бұзылған ересек, аяқ-қолы жоқ адамдар мен көзі нашар көретіндер үшін қызметтің бұл түрі тұйық шеңберден шығудың жақсы құралына айналды», - делінген хабарламада. Инватакси қызметі жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге кестеге сәйкес ұсынылады.

Анықтама телефондары: 48-19-66, 46-86-57, 37-05-59, 55-69-63, 55-68-47.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер