BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Енді WhatsApp арқылы топ болып қоңырау шалуға болады

WhatsApp мессенджері қолданушыларына топ болып аудио және видеоқоңырау жасау мүмкін болатын жаңа функция іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі компания блогына сілтеме жасап.

«Қолданушылар күніне 2 млрд минуттан астам уақытты қоңырауларға жұмсайды. Бүгіннен бастап WhatsApp-та топтық аудио және видеоқоңыраулар жасау мүмкін екенін қуана хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

WhatsApp мессенджерімен ең көп дегенде төрт қолданушы топтық қоңырауды жасай алады. Топтық чатты бастау үшін ең алдымен бір адамға қоңырау шалып, одан кейін «қатысушы қосу» деген батырманы басу керек.

Топтық қоңыраулар end-to-end шифрланады және бұл функцияны iOS пен Android операциялық жүйелері бар құрылғылардағы мессенджердің соңғы жаңартылған нұсқасында қолдануға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер