Еліміздің үш облысында аптап ыстық болады - Қоғам|11 Шілде 2017, 08:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің үш облысында аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр, найзағай ойнайды, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Оңтүстік-шығыста, республиканың орталық және шығысының кей жерлерінде күн ысиды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей желерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Алматы облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер